Білім & Ғылым 03.06.2019 сағат 11:52

Шымкентте «Қазақстандық жол – жастар көзімен» атты ғылыми конференция өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстандық жол – жастар көзімен» атты тақырыппен жастар жылына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми кеңеске М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогтары мен Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының мамандары, сондай-ақ белсенді жастар жұмыла қатысты,-деп хабарлайды www.kz.otyrar.kz.
Шымкентте «Қазақстандық жол – жастар көзімен» атты ғылыми конференция өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, жобаның мақсаты — жастар жылына тиімді әрі ұтымды жобаларды жасақтау және жаңа идеяларды ұсыну. Ғылыми тұрғыда жүзеге асыру болды. «Жастарға сапалы білім беру арқылы — біз келешегімізге алғышарттар жасаймыз. Жастардың қоғам, мемлекет өміріне белсене араласуы – уақыт талабы. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының басты көрсеткіштері тікелей жастармен байланысты екені мәлім. Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолданудың жүйелі саясатын жүргізу керектігі өткен Жолдауда күн тәртібіне қойылып, бүгінде өз жалғасын табуда», — деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, саяси ғылымдар кандидаты Сәкен Мажинбеков.

Кеңес қатысушылары сөз соңында Жастар жылы аясында атқарылуы тиіс ауқымды жобаларды талқылады. Алдымен, жастолқын үшін жасалуы тиіс жағдайлар мен мол мүмкіндіктер айтылды. Мәселелер де шет қалған жоқ. Тиісінше, жаңа жобаларға тапсырмалар берілді. «Елбасы жолдаулары және сыртқы саясат», «Жаһандану жағдайындағы әлемде Қазақстанның орнын нақтылаудағы елбасының рөлі», «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және жастар бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру» секілді көптеген мазмұнды ғылыми мақалалар да оқылды. Ғылыми кеңесте шет мемлекеттермен орнатылған оңды қарым-қамтынастар да басты назарға алынды. Сондай-ақ, жас саясаткерлер клубы ашылып, айына екі рет кездесу ұйымдастырылатыны жөнінде шешім қабылданды.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар