$ 444.22  476.38  4.82

Мұхтар Шаханов Макс Боқаев пен Талғат Аянға бостандық беруді талап етті (ВИДЕО)

Сәуір айында Атырауда жер сату мәселесіне қарсылық танытып, алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянға бостандық берілсін деп талап етті ақын Мұхтар Шаханов бүгінгі Жер реформасы туралы комиссияның кезекті отырысында. Атырауда өткен жиын BNews.kz порталы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Шахановтің пікірінше, Боқаев пен Аян ешқандай да арандатушылар емес, олар жер туралы проблеманы және шындықты айта білген азаматтар. Сондықтан, олардың түрмеде отыруы әділетсіздік дейді ол.

Айта кетейік, Атыраудағы жер сатуға қарсы шыққандардың митингі 24 сәуір күні өткен болатын. Орталық алаңға жиналған тұрғындар саны 4 мыңнан асып жығылды. Олар жерді сату және шетелдіктерге жалға беру туралы заң нормасы күшін жойсын деп талап етті. Мұнан кейін дәл осындай митингтер Ақтөбе мен Семейде, Ақтау мен Жаңаөзенде және Қызылордада да өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары