$ 448.15  483.46  4.86

«Ертісбаев маған «Сталин сияқты болыңыз» деп кеңес береді» - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Адамдар видео түсіріп, Үкіметтің жұмысты тиісті деңгейде орындамай отырғанын мәлімдейді. Ал әкімдер тапшылық бар екенін мойындамайды», - дейді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы – ең ірі қала және ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі деп есептейді. Осы орайда, ол Алматы тұрғындары карантиндік шектеу шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Карантин шаралары тұрғысынан алғанда, алматылықтар елдегі тәртіпті сақтамайтын өңірлердің көшін бастап тұр. Біз мұны жақсы білеміз. Қандай болсын идеологиялық жұмыс жүргізілуі керек қой! Барша ел карантинді сақтайды, ал Алматы сақтамайды. Осы нигилизмнен арылу керек», – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мегаполис дәріханаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де айтты. Ол дәрі тапшылығы бар екенін айта келе, дәріхана кезегіне адам көп жиналатынын алға тартты.

«Адамдар видео түсіріп, Үкіметтің жұмысты тиісті деңгейде орындамай отырғанын мәлімдейді. Ал әкімдер тапшылық бар екенін мойындамайды. Жағдай бақылаудан шығып кетті.

Тағы оқи отырыңыз: «Президент соған сеніп, бас шұлғып отыр ғой»: дәрі тапшылығын жасырған әкімдер есебі сынға алынды

Бұрынғы кеңесші Ертісбаев: «Президент мырза, Сталин сияқты болыңыз, бәрін қызметінен босатыңыз» деп маған кеңес береді. Мен Алматы туралы ғана айтып отырған жоқпын. Бірақ, Алматы – ең ірі қала, ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі», – деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары