$ 447.4  477.55  4.76

«Лукашенко Венесуэладағы Мадуроның жағдайында қалды» - саясаткер

Легитимді болмағандықтан ол саяси қабылетсіз болып қалды. Онымен ешқандай келісім-шартқа отыруға болмайды!
фото: https://tsn.ua/
фото: https://tsn.ua/

Беларусиядағы саяси жағдай тым күрделеніп кетті. Көптеген сарапшылар Лукашенко сайлау нәтижесі бойынша жеңімпаз деп танылғанымен, оның соңғы бір-екі күндегі тірлігі саяси карьерасына нүкте болып қойылуы мүмкін екенін айтып жатыр. Бірқатар Еуропа мемлекетінің билік өкілдері қатқыл мәлімдемелер жасап, бейбіт түрде наразылық білдіргендерді қудалауды тоқтатуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі саясаткер Серік Медетбековтың айтуынша, Александр Лукашенко Венесуэла президенті Николас Мадуроның жағдайын құшуы мүмкін.

«Минскіде ерекше қызық жағдай қалыптасты - Тихановская құқықтық әрекетті аяғына дейін жеткізді: протоколдар мен арызын Орталық сайлау комиссиясына тапсырып, өзін сайланған, заңды президент деп жариялады да елден қауіпсіз жерге шығып кетті.

Оқи отырыңыз: Беларусь президенттігіне үміткер елден кетіп қалды

Сөйтіп Лукашенко Қарулы күштерді пайдаланып билікті басып алған болып шықты. Легитимді болмағандықтан ол саяси қабылетсіз болып қалды. Онымен ешқандай келісім-шартқа отыруға болмайды! Ол Венесуэладағы Мадуроның жағдайындай жағдайда қалды», - деп жазады. 

Саясаткер өз жазбасында сондай-ақ, Тихановскаяның саяси қадамдарының өте сәтті болғанын айтады.

«Тихановскаяның негізгі саяси жұмыстары сәтті аяқталды: 
Сайлауды аяғына дейін жеткізді, 
Жеңді, 
Протоколдарды жинақтады да ОСК-на тапсырды. 

Өзін жеңімпаз деп жариялады да ОСК-на арыз жазып қалдырды.

Ол Лукашенконы заңнан тыс қалдырды. Ол енді сайлау процессінің махинаторынан Узурпаторға айналды», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 

Оқи отырыңыз: «Тихановская Қосанов емес» - Досым Сәтбаев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары