$ 494.87  520.65  4.91

Жириновский КСРО құрамында болған мемлекеттерді Ресейге қайтаруға шақырды

КСРО-ны саяси режим ретінде емес, барлық аумақтарды қайтару керек. Ешқандай республикаларға жол жоқ. Барлығы Ресейдің құрамында болу керек.
фото: ria.ru
фото: ria.ru

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты В. Жириновский бұрынғы КСРО-ның барлық территорияларын Ресейге қайтаруға шақырды, деп жазады kznews.kz сайты.

Ресейлік саясаткер ТМД аумағындағы соңғы большевик Беларусь басшысы Александр Лукашенконың қолыннан билікті сырғып кетіп бара жатқанын айтқан.

Оның пікірінше, қазір бұл республикада болып жатқанның бәрі – кеңестік жүйенің мұрасы. «Беларусьте болып жатқанның бәрі кеңес саясатының мұрасы. Біріншіден, КСРО республикаларға бөлінді, қатаң саяси режимнің көмегімен 70 жыл бойы бірге болды  және соңғы 30 жыл бойы біз есептедік – олар біздің орбитада қалады. Ал бұл солай болмады», - деді Жириновский.

Ресей Либералды-демократиялық партиясының төрағасы сөйлесудің уақыты өтіп кеткеніне сенімді. «Енді «қатал әрекет ету керек – КСРО-ны саяси режим ретінде емес, барлық аумақтарды қайтару керек. Ешқандай республикаларға жол жоқ. Барлығы Ресейдің құрамында болу керек», - деп атап өткен ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары