Саясат 19.08.2020 сағат 02:50

«Жайнап тұрған «Шәмші аллеясын» бұзғанда үндемеп едім»: белгілі заңгер алақандай жерге 450 миллион теңге қаржы «жұмсаған» Шымкент әкіміне шүйлікті

Бүп-бүтін, тап таза болып, гүлденіп тұрған жерді пандемия өршіп тұрғанда талқандауға кім рұқсат берді?
«Жайнап тұрған «Шәмші аллеясын» бұзғанда үндемеп едім»: белгілі заңгер алақандай жерге 450 миллион теңге қаржы «жұмсаған» Шымкент әкіміне шүйлікті
Фото: SN.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекеніндегі шешімін таппай келе жатқан мәселелерді көтеріп, бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің айтуынша, Шымкентті Мегаполис жасау үшін, осыдан үш жыл бұрын қаланың жан жағындағы майда ауылдарды қосқан. Алайда келген әкімдер қаланың ортасындағы онсыз да жайнап бірнеше ғимаратты реконструкциялауды әдет қылып алған. Ал есесіне қосылған ауылдардың жағдайы өте нашар, жұрт су мен жарыққа жарымай келеді.

«Президентіміз Үкіметке әрбір тиынды үнемдеп, ұқыптылықпен жұмсауға тапсырды!
Алайда, Ауылполистің әкімі Әйтенов 450 миллионға жуық қаражатты әл Фараби алаңындағы, орыс драма театрының алдын реконструкциялауға бюджеттен бөліпті.
Бүп-бүтін, тап таза болып, гүлденіп тұрған жерді пандемия өршіп тұрғанда талқандауға кім рұқсат берді? Әлде әкімге тиімді ме? Шындап келгенде халық өмірімен арпалысып жатқанда, бүтін жолдардың қазылып жатқаны жүйкеге тиіп бітті!
Алақандай жерге 450 миллионға мрамордан төсеп жатсыңдар ма? Не масқара?», - деп жазады бұл жолы. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жұмыс мәселесі де шешілмеген. Жұрт амалсыз темір жол жағалап күн көруге көшкен. 

«Жаңадан қосылған ауылдар интернетсіз қурап, темір жол жағалап жүр, ал сіздер әдеттегідей бәріне дайынбыз деп есеп беріп сүйіншілеп отырсыздар!
Қайдағы дайындық, ал айтыңдаршы?
Мына ауылға Әйтенов пен Тәжиева, қашан барасыңдар?
Халықты қашан тыңдап үйренесіңдер?
Дәл қазір маңызды интернет желілерін барлық өңірге жеткізу!
Қаражатты бейберекет жұмсау жүйеленіп бара жатыр!
Жайнап тұрған «Шәмші аллеясын» бұзғанда үндемеп едім.
Әлемге танылған «Вальстің патшасы» 90 жылдық юбилейін сол жерде атап өткенде жарасар еді. Әттең идеология ақсап тұр...», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.  
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар