$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан ұшақтары енді Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшпайды

Жағдай тұрақталғанға дейін азаматтық әуе кемелеріне Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіннен ұшуға тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар жіберілді.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуекомпаниялардың ұшақтарына азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргендіктен Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуекомпаниялардың азаматтық әуе кемелері Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдалану бойынша қауіп-қатерді бағалауды және тәуекелдерді басқаруды жүргізген.

"Оның қорытындысы бойынша Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіне ұшу кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін тәуекелдер мен қауіптер бар деген шешім жасалған. Жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде 16 тамызда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты жүк және чартерлік әуетасымалдарды орындайтын Қазақстанның әуекомпанияларына биылғы жағдай тұрақталғанға дейін азаматтық әуе кемелеріне Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіннен ұшуға тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар жіберді", - делінген хабарламада.

Осындай нұсқау "Қазаэронавигация" РМК-ға жіберіліпті.

Бұған дейін Daily Mail "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған - Ескерт.) АҚШ-тың алты миллион доллар тұратын Blackhawk тікұшақтарын тонналаған жабдықтарымен бірге басып алып, елдің әуе кеңістігін бақылауға алғаны хабарланған.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты. 

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары