$ 494.87  520.65  4.91

«Елбасы туралы» заңның күшін жоюды қарайтын комиссия тізімі бекітілді

Депутат Арман Қожахметовты Парламент Мәжілісінің атынан бұл заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы ретінде белгілеу ұсынылды.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Парламент регламентінің 32-5-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» конституцилық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына Мәжілістен келесі депутаттарды ұсынамыз: Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы», - деді Қожахметов.

Сонымен қатар депутат Арман Қожахметовты Парламент Мәжілісінің атынан бұл заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы ретінде белгілеу ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары