$ 474.72  515.17  5.58

Головкин-Сондерс жекпе-жегі биыл Қазақстанда өтуі мүмкін

Бұған дейін Геннадий Головкин ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Қазақстанда кездесу өткізгісі келетінін айтқан болатын. Енді оның бұл тілегі орындалатын секілді. Твиттер әлеуметтік желісіндегі Boxing Legends TV парақшасында хабарланғандай, биыл жазда қазақстандық боксшы британдық Билли Джо Сондерспен кездеспекші.

Телеарнаның парақшасындағы мәліметке сәйкес, қос тарап келісімге келіп, тиісті құжаттарды рәсімдеп қойған.

"Билли Джо Сондерс пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек биыл жазда Қазақстанда өтеді", - делінген Твиттер желісінде.

Бұған дейін Сондерс Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін бірнеше рет айтып, жекпе-жекке кез келген уақытта дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары