Бүгінгі «Астана» мен «Вильяреал» ойынын тамашалауға Үкімет басшысы мен Қорғаныс министрі келеді деп күтілуде. Бұл туралы Skifnews.kz тілшісіне «Астана» футбол клубының баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко айтты.
— Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Қорғаныс министрі Серік Ахметов келіп тамашалайды деп күтіп отырмыз. Әзірге келетін, келмейтіні белгісіз. Бірақ, біз күтіп отырмыз, — деді клубтың баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, бүгін «Астана-Аренада» өтетін УЕФА Еуропа лигасы аясындағы елордалық «Астана» мен испаниялық «Вильяреал» клубтары арасындағы ойын жергілікті уақытпен сағат 21.00-де басталады.