$ 441.58  480  4.86

ТЕННИС: Гарбинье Мугуруса «Уимблдон» турнирін жеңіп алды

Испандық теннисші қыз Гарбинье Мугуруса «Үлкен дулыға» сериясындағы «Уимблдон» турнирін алғаш рет жеңіп алды. Финалда ол даңқты америкалық теннисші Винус Уильямстан 7:5, 6:0 есебімен басым түсті.

Матчтың алғашқы сетінде 23 жастағы испан қызы 4:5 есебімен жеңіліп тұрған болатын. Мұнан кейінгі геймдердің бәрінде ол мүлдем жеңілген жоқ. Осылайша Мугуруса «Үлкен дулыға» сериясындағы екінші турнирдің чемпионы атанып отыр. Бұған дейін испан теннисшісі Франция ашық біріншілігі - «Ролан Гарроста» жеңіске жеткен еді.

«Уимблдон» турнирінен кейін WTA рейтингінде Мугуруса 15-орыннан бірден 5-орынға жоғарылады.

Айта кетейік, «Уимблдонның» ерлер арасындағы финалы ертең өтеді. Ақтық сында хорват Марин Чилич (ATP-6) пен швейцар теннисшісі Роджер Федерер (ATP-5) өзара мықтыны анықтамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары