$ 444.14  477.05  4.85

«Астана» - «Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылды

3 қараша күні «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды. Қазіргі кезде 17 мыңнан астам билет сатылған, деп хабарлайды «Астана» ФК-ның баспасөз қызметінен.

Әзірге билеттер тек онлайн-режимде сатылып жүргенін атап өту керек. Билетті сатып алу үшін ұялы телефон, планшет немесе компьютерді пайдалану жеткілікті. «Билеттерді сатып алу» түймешесін www.ticketon.kz,www.sports.kzwww.vesti.kz сайттарынан тауып алуға болады.

Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады.

Ойынның басталуы - сағат 21:00-де. Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ойын аяқталған соң, осы автобустар адамдарды қалаға апарады.

Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді келесі мекенжайларда күтетін болады:

  1. «Қазақстан» СК.
  2. Мұнайтпасов атындағы стадион.
  3. «Нұр-Астана» мешіті.
  4. Салтанат сарайы. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары