$ 442.05  474.14  4.74

Бүгін «Астана» мен «Бенфика» кездеседі

Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында бүгін «Астана» өз алаңында Португалияның «Бенфика» командасын қабылдайды.

Маңызды матчта Станимир Стойлов шәкірттері жанкүйерлер алдында аянып қалмасы анық. Тіпті қазақстандық команда сапында Патрик Твумаси да алаңға шығуға дайын. Ал азуын айға білеген лиссабондықтар Португалия кубогының финалында «Спортингке» жол берген. Сондай-ақ қонақтар сапында үздік сұрмерген Николас Гайтан мен команда капитаны Луизаудың жасыл алаңға шықпайтыны белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, «Астана» мен «Бенфика» арасындағы кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары