$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан футбол федерациясы Еуропада мазаққа айналды

Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық құрамаға бас бапкерді дауыс беру арқылы таңдауы еуропалықтардың күлкісін туғызды. Бүгінде Батыстың БАҚ-тары бұл жайында келеке мақалалар жазуда.

Мәселен, немістің Spiegel басылымы былай дейді: «Бұл шынайы ақпарат па? Егер біздің елде осылай жасаса халық Германия футбол кеңесі есінен ауысқан деп айыптар еді».

«Шынайы болу үшін тым әсерлі» - бұл швейцариялық Berner Zeitung газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы. «Шенеуніктер футболды күлкіге айналдырды. Бас бапкерді осындай жолмен тағайындаса, Қазақстанның ешқашан не Әлем чемпионатына, не Еуропа біріншілігіне қатыса алмағаны түсінікті» делінген аталған мақаланың ішінде.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Футбол федерациясы 28 желтоқсан күні Ұлттық құраманың бас бапкерін интернет- дауыс беру арқылы халықтың өзі таңдайтынын мәлімдеген болатын. Дауыс беру 15 қаңтарға дейін жалғаспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары