$ 494.87  520.65  4.91

"Ақтөбе" ФК ойыншылары енді 3 млн теңге жалақы алады

"Ақтөбе" футбол клубы ойыншыларының ең төменгі жалақысы 500 мың теңге. Оны да клуб қатарына жаңадан қосылған қосалқы құрамның ойыншылары алып келген. Бұл жайында футбол клубының басшылығы мәлімдеді деп жазады "Диапазон" порталы.

"Қаржылық жағдайларға байланысты 2016 жылы ойыншылар 3 млн теңгеден артық жалақы алмайды. Қосалқы құрамнан келген ойыншылар 500 мың теңгеден алады, бірақ ондай ойыншылардың саны 2-3 адамнан аспайды. Ал, клубтың орташа жалақысы 1-1,5 млн теңге" дейді команда басшысы Дмитрий Васильев.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев футбол клубындағы ойыншылардың жалақысының тым жоғары екенін айтып, клуб басшыларын сынға алған болатын. 2015 жылы "ақтөбеліктер" алған жалақыларына сай нәтиже көрсеткен жоқ деген әкім клубтың ойынына көңілі толмайтынын айтқан еді.

Жалпы елімізде жалақысы ең көп және оны құпия сақтайтын кәсіп иелері - футболшылар. Коммерциялық құпияны желеу еткен олар жалақы туралы жақ ашпауға тырысады. Ал, ел футболының басшысы Е.Қожағапанов 2016 жылдан бастап, футбол клубтарының бюджеті көпшілік қауым көретіндей және БАҚ өкілдері бақылай алатындай жағдай жасаймыз деп мәлімдеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары