$ 444.22  476.38  4.82

Australian Open: Зарина Дияс пен Михаил Кукушкин бірінші айналымнан аса алмады

Қыздар арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Аустралия ашық біріншілігінің алғашқы айналымынан аса алмады. Сондай-ақ, ерлер арасында өнер көрсетіп жатқан Михаил Кукушкин де жарыс жолынан ерте шығып отыр.

Әлемдік WTA рейтингінде 57-ші орында тұрған Дияс бүгін таңертең америкалық Мэдисон Кизбен (17-орын) кортқа шыққан. Кездесі небәрі 26 минутқа созылды. Есеп: 7:6, 7:1, америкалық теннисшінің пайдасында.

Ал, Михаил Кукушкинді жарыс жолынан португалдық теннисші Жоау Соуза шығарды. Үш сетке созылған кездесу 3:6, 4:6, 3:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық теннисші Юлия Путинцева даниялық Каролина Возняцкиді жеңіп, екінші айналымға жолдама алған болатын. Ал, бүгін Ярослава Шведова Болгария өкілі Цветана Пиронковамен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары