$ 448.56  478.03  4.79

Australian Open: Ярослава Шведова келесі айналымда

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің екінші айналымына жолдама алды.

Айта кетейік, жерлесіміз турнирдегі фавориттердің бірімен кездескен болатын. Оның қарсыласы болгар қызы Цветана Пиронкова WTA рейтингінде 17-ші орында болса, Шведова бұл тізімнің 70-ші сатысында.

Кездесу 31 минутқа созылды. Екі сетте қарсыласынан 6:4, 6:4 есебімен басым түскен Қазақстан теннисшісі екінші айналымда америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі. Киз бүгін таңертең қазақ қызы Зарина Диясты жеңген болатын.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, ерлер арасында жарыс жолына шыққан Михаил Кукушкин де жеңіліп қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары