$ 441.66  475.14  4.86

Зарина Дияс WTA Taiwan Open турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Тайваньда өтіп жатқан WTA Taiwan Open турнирінің екінші айналымына шықты деп жазады Vesti.kz.

Бірінші айналымда болған кездесуде жерлесіміз украиндық Людмила Киченокты жеңді. екі сағатқа созылған матчтағы есеп 5:7, 6:1, 6:2.

Айта кетейік, соңғы бір жылда жеңілістен көз ашпай жүрген З.Дияс WTA рейтингінің қазір 68-ші сатысында. Ал, оған бүгін қарсылық көрсеткен Кеченок 349-шы орында.

Келесі айналымда жерлесіміз WTA рейтингінің 95-ші сатысында тұрған ресейлік Елизавета Куличковамен бақ сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары