$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін «Ақтөбе» румыниялық «Стяуа» командасымен алғашқы кездесуін өткізеді

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турларының үшінші айналымында «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында румыниялық «Стяуа» командасымен алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Спорт сарапшылары арасында «Ақтөбенің» келесі кезеңге шығу-шықпауы екіұдай ой туғызып отыр. Соған сай, букмекерлік кеңселер де отандық команданың жеңісіне күмәнмен қарап, көбірек коэффицент беруде.

Айта кетейік, жалпы жарыс жолына «Ақтөбе» өткен турдан бастап қосылған болатын. Алғашқы кезіккен — Тбилиси қаласының «Динамо» командасын екі ойында да ұтып, үшінші айналымға оңай өткен еді. Сарапшылар болса бұл жолғы қарсыласының қауқарын өте жоғары бағалап отыр. Өйткені, «Стяуа» бұған дейін еурокубоктік бәсекелер жолында өзін жақсы қырынан танытып үлгерген ұжым болып саналады.

Сонымен қатар, ертең УЕФА Еуропа лигасы іріктеу кезеңінде қарағандылық «Шахтер» мен «Астана» командалары да алғашқы ойындарын өз алаңдарында өткізетін болады. Бұл ретте «Шахтер» хорватиялық «Хайдукпен» жолы түйісіп отырса, «Астанаға» швециялық «АИК» командасы тап болып отыр.

Ал, бүгінгі «Ақтөбе» — «Стяуа» арасындағы матч Қобыланды батыр атындағы стадионда Астана уақытымен саған 21.00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары