$ 448.15  483.46  4.86

Головкин Коттоны «зейнетке» аттандырып жіберуі мүмкін — бокс мамандары

Коттоның промоутері Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға сескеніп отыр, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Sports.kz сайтының жазуынша, WBC чемпионы Мигель Коттоның (39-4, 32 КО) промоутері Боб Арум қазақстандық боксшы, WBA/IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен (30-0, 27 КО) жекпе-жек ұйымдастыруға сескеніп отыр.

— Ең алдымен Котто жекпе-жекке кіммен шығатынын өзі шешеді. Бірақ меніңше, Сауль Альвареспен болатын кездесу Головкинге қарағанда тартымдырақ болатын сияқты. Маған Головкин де, Том Леффлер де ұнайды. Головкин ұлы боксшы екенін де ешкім теріске шығара алмайды, дегенмен мен осы жекпе-жек қанша көрермен жинайтынын білмеймін, — дейді Коттоның промоутері.

Арумды бұл ойға осының алдында өткен Головкин - Гил жекпе-жегіндегі көрермен санының аздығы итермелеген болса керек. HBO мәліметтеріне қарағанда, аталмыш кездесуді 984 000 көрермен ғана тамашалаған. Бұл көрсеткіш 2013 жылы Кертис Стивенспен болған жұдырықтасудан әлдеқайда кем. Ол кездесуді 1 400 000 көрермен көрген болатын.

Алайда, бокс мамандары Коттоға Альвареспен кездесу қаржылық тұрғыда ғана емес, қауіпсіздік тұрғысынан да тиімді деген пікір білдіруде. Өйткені, кез келген боксшыны сұлатып салуға қауқарлы Головкин Мигельдің жеңісті жолын қиып, оны зейнетке аттандырып жіберуі әбден мүмкін деп отыр мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары