$ 443.37  474.49  4.83

Новак Джокович Палестинаны қолдау үшін мұсылмандықты қабылдамақ

Әлемнің нөмірі бірінші ракеткасы Новак Джокович Израильдің Газаға жасап жатқан шабуылына наразылық таныту, Палестинаға қолдау көрсету үшін мұсылмандықты қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Босния және Герцоговина ақпарат көздерінің жазуынша, Новак Джокович Газада қаза тауып жатқан кінәсіз балаларды көре отырып алпауыт мемлекеттердің бұл терроризмге қалайша үн қата алмай отырғанына күйінеді. Джокович CNN және BBC секілді бұқаралық ақпарат құралдарын Газадағы жаппай қырғынға көбірек орын беріп, әлем көшбасшыларының ұжданын оятқызуға шақырды.

Джокович мұсылмандықты қабылдамастан бұрын отбасымен сөйлескенін және отбасының бұған оң қабақ танытқандығын айтып отыр.

Ол Ислам дініне өткен бойда Палестинаға жәрдем ететінін және дереу Газадағы балалар үшін 500 мың доллар көлемінде ақшалай көмектескенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары