$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық шахматшылар Швейцария құрамасын ұтып кетті

Норвегияның Тромс қаласында өтіп жатқан 41-ші Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екінші турында Қазақстанның ерлер құрамасы швециялықтарды айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қазақстандық квартет құрамына гроссмейстерлер - Павел Коцур, Рүстем Хуснутдинов, Петр Костенко мен халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Аслан Айтбаев кірді. Олар шведтік төрт гроссмейстер - Нильс Гранделиус, Евгений Агрест, Тайгер Хиллар Перссон мен Ханс Тикканеннен айласын асырды. Айта кетейік, бұл елдің командасы екі рет олимпиада жүлдегері атанған әккі құрама.

Сондай-ақ, шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы да Того спортшыларын тізе бүктірді - 4:0. Гулісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мадина Дәулетбаева және Гүлмира Даулетовалар өз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.

Бұған дейін ел намысын қорғаған ерлер құрамасы кувейттіктерді, ал қыздарымыз португалиялықтарды сан соқтырған. Енді олар үшінші айналымға жолдама алып отыр.

Байрақты бәсекеде 177 ерлер, 136 әйелдер құрамасы бақ сынауда. Олардың жалпы саны екі мыңнан асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары