$ 499.51  525.83  4.62

Түлкібаста демеушілер есебінен 3 спорт алаңшалары салынды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік -экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының спорт саласын дамуына аудан кәсіпкерлері өз үлестерін қосып келеді.

Жуырда осы кәсіпкерлердің қаржыландыруымен ауданда үш бірдей спорттық нысын бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Нысандар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында салынып біткенін айта кету керек, бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәселен Түлкібас ауданы, Балықты ауылының азаматтары 1 500,0 мың теңгеге қоршалған заманауи үлгідегі табиғи газон егілген кіші футбол алаңын салса, Т. Рысқұлов ауылы, Жанкент мөлтек ауданынан жеке кәсіпкер Ә. Мәмбеталиевтің демеушілігімен 40 000,0 мың теңгеге қазіргі заман талабына сай жасанды жабық кіші футбол алаңшасы салды. Сонымен қатар Жабағылы ауылынан жеке кәсіпкер Н.Мылтықбаев қоршалған жағажай волейбол алаңын салып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Жалпы, Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ашылуын күтіп тұрған әлеуметтік және спорттық нысандар көп. Ондаған ғимарат желтоқсанның орта тұсында ресми ашылып, халықтың игілігіне беріледі. Олардың қатарында балабақшалар мен мектептер, денсаулық сақтау нысандары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары