$ 499.51  525.83  4.62

ОҚО-да ардагерлер арасында шағын футболдан турнир өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Лес Түймеліұлын еске алуға арналған кіші футболдан жасы ардагерлер арасында ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған жарысқа Шымкент қаласынан 2 команда Түлкібас ауданынан 1 команда Төлеби ауданынан 4 команда қатысып, өзара күш сынасты.

Жарыс нәтижесінде І-орынды Шымкент қаласының Толағай командасы иеленсе, ІІ-орынды Ленгер қаласының құрама командасы жеңіп алды.

ІІІ - орынды Шымкент қаласының Ардагер командасы иеленді. Жүлделі орын алған командалар диплом, кубоктар және демеушілер есебінен қаржылай марапатталды.

Айта кетейік, бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың бірнеше түрінен ондаған жарыс өтіп үлгерді. Барлығы да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Ерекшелігі сол, спорттық жарыстардың басым бөлігі кәсіби спортшылар емес, өзге мамандық иелерінің арасында өтіп жатыр. Мәселен, журналистер, заңгерлер, полиция қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, прокурорлар, дін өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер өзара шағын футолдан, волейболдан, бильярд пен стол теннисінен сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтау үстінде.

Осынау спорттық шаралардың барлығы «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында өтіп жатқанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары