$ 494.87  520.65  4.91

Әскери қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алын алу бойынша семинарға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті әскери қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  семинар өткізді. Оған ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғана міндеті емес.Онымен қоғам болып күресу керек. Осындай мақсатта еліміздің шекаралық бөлімдерінде тексеріс жүргізілген болатын.

Мысалы, Бас әскери прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің «Солтүстік» Өңірлік басқармасының қызметіне жүргізілген тексеру барысында 2031 әскери  бөлімінің қаржы қызметімен 3,5 млн. теңгеден астам сомаға жеткізілмеген киім-кешек мүлкіне және «Сарсембаев Ж.Б.» ЖК-нен 5 млн. теңгеден астам сомаға сатып алынған техникалық спецификациясы сәйкес келмейтін киім-кешекке төлем жасалынғандығы анықталған.

«Солтүстік» Өңірлік басқармасы бастығының атына енгізілген заңбұзушылықты жою туралы ұсынысты қарау нәтижесінде, 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған, оның ішінде «Солтүстік» Өңірлік басқармасының қойма басшысы Е.А.Ағытаев «Сарсембаев Ж.Б.» ЖК-не заңсыз артықшылық көрсеткендігі үшін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған деп жұмыстан босатылған.

Әскери қызметшілер де – қоғамның мүшелері. Ал, қоғамның кез келген мүшесі бүгінде кең етек алған жең ұшынан жалғасу, парақорлыққа төзбеуі керек. Әскери қызметшілердің  пікірі осындай. Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайластық қылмысын жасағандардың жазасы қандай болатыны туралы бейнетүсірілімдер көрсетіп, қолданыстағы заңнамалар туралы баяндама жасады. Әскери қызметшілер мен департамент мамандары Мемлекет басшысы ұсынған бес халықтық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары