$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында бала өліміне дәрігер себепші болған

Павлодар облысында баланың өліміне жол берген дәрігер екі жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өткен жылы желтоқсан айының соңында Павлодар облысының тұрғыны кішкентай қызының денсаулығының ауырлауына байланысты Железин жедел жәрдем бөліміне көмек сұрай барады.

Ата-анасының айтуынша, кішкентай қыз үш күн бойы құсып жүрген. Ал, сол күні кезекшілікте болған Ургенттік педиатр қарағаннан кейін асқазанын жуу керек деп белгілеген. Бірақ, дәрігер Т.-ның асқазанды жуу процедурасын өткізуі барысында кішкентай балаға енгізілетін және толық шығарылатын сұйықтық көлемін жеке бағалау ережелері бұзылған.

Асқазанды тазарту шарасынан кейін, кішкентай қыз терапевтік бөліміне жатқызылады. Ал, мұнда сіңір тартылуы басталып, қызды жан сақтау бөліміне көшіреді. Бірақ, бала есіне келместен комаға түседі.

Биыл қаңтар айының басында кішкентай қыз ары қарай емделу үшін облыстық балалар ауруханасына жіберіледі. Бірақ, бала есіне келместен сол облыстық ауруханада қайтыс болады.

Орын алған жағдайға байланысты жүргізілген жоспардан тыс тексеріс актінің қорытындысы бойынша, дәрігердің алғашқы медицина көмегін көрсету кезінде қателік жасағаны анықталды. Салдарынан құйылған және шығарылған су мөлшері ми құрылысының ісуі мен бөртуіне әкеп соққан.

Сот отырысында дәрігер өз кінәсін ішінара мойындады. Дегенмен, баланы жолдамамен, бірақ, фельдшер жасаған шараларды белгілеусіз әкелгенін айтты. Сонымен қатар, бала миының ісінуі ауылда басталған. Ал, дәрігер болса асқазан жуу мен тазарту клизмасын өткізуін тағайындаған. Бірақ, асқазанды жууда қателік кетуі мүмкін екенін де мойындады.

«Жасалған қылмыстың сипатына қарай дәрежесін, сотталушының жеке қасиеттерін, қылмыс жасалғаннан кейін мінез-құлқын ескеріп, сот сотталушыға 2 жыл сынақ мерзімін белгілеп, 2 жыл мерзімге дейін денсаулық саласында қызмет ету құқығын айырып, 2 жылға шартты сотталуға үкім шығарды», делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, сотталушыға айқын міндеттердің жүктелуімен пробационды бақылау белгіленді.

Сот үкімі заң күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары