$ 494.87  520.65  4.91

Төрт баласын сатқан әйел сегіз жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер ісі бойынша ауданаралық мамандандырылған соты өзінің төрт баласын сатқан Сарыағаш ауданының тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.

27 жастағы айыптының айтуынша, ол дүниеге әкелген балаларын асырай алмағандықтан бірінен соң бірін сатып отырған. Ал, перзентке зәру дәулетті отбасыларды ауылдық амбулаторияның медбикелері тауып беріпті.

Аталған қылмысты ашуға аудандық прокуратураға түскен арыз себеп болды. Оны сәбиді сатып алған әйелдің енесі жазған болатын. «Келінім үйге бөтен баланы ертіп келді», — деген ол өз шағымында.

Осы орайда, ҚР Қылмыстық кодексінің 133 бабы бойынша іс қозғалып, безбүйрек ана мен бала сатуға көмектескен медицина қызметкерлері жауапқа тартылды. Сондай-ақ, полиция нәрестелерді сатып алған үш адамды да тергеуге алды.

Жабық өткен сот процесінің қорытындысы бойынша, балаларын сатқан ана мен оған көмектескен медбике сегіз жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, сатып алушылар алдағы жеті жылын жалпы режимдегі колонияда өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары