$ 447.4  477.55  4.76

Алматы соты Серікжан Біләшті босатты

Сот оны 110 мың теңге көлемінде айыппұлға кескен.

Алматыдағы Әуезов аудандық соты тіркелмеген «Атажұрт» еріктілер қозғалысының жетекшісі, араздық қоздыру бабымен айыпталған Серікжан Біләшті бүгін, 16 тамызда қамаудан босатты, деп жазады Азаттық.

Сот оны 110 мың теңге көлемінде айыппұлға кескен.

Сот ғимаратының алдында тұрған алматылық белсенділер Біләш босап шыққан сәттің видеосын жариялады. Белсенді Біләш «Бұл ерекше оқиға ерекше жайдайда шешілді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы уәкілін, кеңесшісін жіберіп, соның араласуымен шешімін тапты. Бұл қылмыстық іс емес, істің саяси астары болғанын білесіздер» деді.

Бұған дейін Біләштің адвокаты Айман Омарова прокурордың Біләшқа айыбын мойындап, процессуалдық келісім жасасуды ұсынғанын айтқан. "Кінәсіз адамды айыптап, көз алдыңда заңсыз әрекеттер болып жатқан сәтте мен заңсыз келісім-шартқа қол қоймаймын. Егер Біләш [процессулдық] келісімге қол қойса, оны қатты сынамаңыздар. Себебі оның жүрегі аурады. Оны түсінемін" деді Омарова.

Біләш ісінің алдын ала тыңдауы жайлы Алматы қалалық соты мен прокуратурасы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Біләшқа процессуалдық келісім ұсынуға қатысты қалалық прокуратурадан да қандай да бір жауап алу мүмкін болмады.

Қазақстан билігі биыл наурызда Біләшті Алматыдағы қонақүйлердің бірінде ұстап, Нұр-Сұлтанға жеткізген еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша (174-баптың 1-бөлігі) айып таққан. Бұл бап бойынша жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Біләш бірнеше ай Нұр-Сұлтанда үйқамақта отырған. Кейін Нұр-Сұлтан соты оның ісін Алматыға қарауға жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы