$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда 183 жезөкше қызмет көрсеткен қонақ үйлер жабылды

Он күннің ішінде интимдік қызметтер ұсынуға бөлме бергендері үшін 58 адамға айыппұл салынды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Алматыда полиция жезөкшелікпен айналысатын 183 әйелді анықтады. Олардың ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина азаматтары болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қалада жезөкшелікпен күрестің кезекті кезеңі 11 ақпанда басталған. Содан бері арнайы құрылған полиция тобы 183 жеңіл жүрісті қызды бөлімшеге жеткізді. Олардың үшеуі Ресейден, бесеуі Өзбекстаннан, алтауы Қырғызстаннан және біреуі Украинадан келген. Ал құжатсыз болған 11 қыз Полиция департаментінің қабылдау бөліміне орналастырылған.

«Кеше түнде арнайы құрылған жұмыс тобының қызметкерлері Жетісу және Түрксіб аудандарында әйелдердің интимдік қызмет көрсететін жұмыс орны деп аталатын екі қонақ үйді анықтады. Мәселен, біздің сапарымызда «Тупик» қонақ үйінде 13 жеңіл жүрісті қыз болды. Олардың төртеуі – қырғызстандық және үшеуі – Өзбекстаннан.

Рейд кезінде «Гниаз» қонақ үйінде жезөкшелікпен айналысқан жеті әйел анықталды», - дейді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Бұл ретте, қонақ үй иелері жауапқа тартылды. Он күннің ішінде интимдік қызметтер ұсынуға бөлме бергендері үшін 58 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ, полицияның жедел бөлімшесі осы жылдың басынан бері Алматыда адам саудасы саласындағы бес қылмыстың жолы кесілгенін хабарлады. Қазір қылмыстық істерді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасы тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары