$ 494.87  520.65  4.91

Балалар үйі өртке оранып, 15 тәрбиеленуші қайтыс болды

Өрт түнде балалар ұйықтап жатқанда ғимараттың бірінші қабатында басталған.

Гаити астанасы Порт-о-Пренсте  балалар үйі өртеніп, 15 тәрбиеленуші қаза тапты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Өрт түнде балалар ұйықтап жатқанда ғимараттың бірінші қабатында басталған. Екі бала оқиға орнында қаза тауып, 13 бала ауруханада көз жұмды. 

Әзірге өрттің себебі белгісіз. Балалардың бірінің айтуынша, ғимаратта жарық сөніп қалғандықтан, олар майшам жаққан.

Агенттіктің хабарлауынша, балалар үйіне иелік ететін діни қауымдастық оны ашуға ресми рұқсат алмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары