$ 446.49  475.38  4.79

«Ресей Ұлыбритания армиясын жарты күнде жойып жібереді» - Daily Express

«Тарихи талдаулар мен қақтығыстарды зерттеу орталығының» (CHACR) мәліметтері бойынша, ағылшын армиясы бірнеше жыл бойы әскери бюджеттің тұрақты түрде қысқартылуынан зардап шегіп отыр.
фото: eadaily.com
фото: eadaily.com

«Ресей Ұлыбритания армиясын тек жарты күнде жойып жіберуі мүмкін» дейді ағылшын сарапшылар. Бұл туралы Лондонда шығатын Daily Express басылымы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz.

Басылымның жазуынша, 2017 жылы Ұлыбританияның әскери сараптама орталығы жасаған баяндамада осындай ақпараттар жарияланған. Оған себеп, «Тарихи талдаулар мен қақтығыстарды зерттеу орталығының» (CHACR) мәліметтері бойынша, ағылшын армиясы бірнеше жыл бойы әскери бюджеттің тұрақты түрде қысқартылуынан зардап шегіп отыр.

Екі күндік семинардан кейін жасалған бұл құжат Бірккен Корольдіктің Ресей шабуылына ұшырағанда, салдары қалай болатынын сараптаған.

«Бізге бөгде мемлекеттің тікелей шабуыл жасау қаупі төніп тұрған жоқ» деп жазылған құжат. Дегенмен, Ұлыбританияға басқа ел шабуыл жасаған жағдайға арнап бірнеше ықтимал сценарийлер жазылған.

Газеттің жазуынша, 2014 жылы ресейлік артиллерия мен зымыран батареялары бірнеше минут ішінде украиналық екі батальонды жойып, күшін дәлелдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары