Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы төбелестен соң аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қеңқияқтағы оқушы қыздар төбелесіне қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Ата-аналарға, балаларға қандай шара қолданылатыны тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан соң ғана белгілі болады. Негізі оқиға 20 қыркүйек күні болды. Облыстық білім басқармасы 21 қыркүйекте ғана білді. Ақпарат кеш жетіп тұр. Оған дейін аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімі, прокуратура тарапынан зерделеу жұмысы жүргізілген. Ал үш директор жұмыстан шығу туралы арыз жазып, кеткен. Оларды орнынан босату негізсіз болғандықтан қызметіне қайта оралды.
Тағы оқи отырыңыз: «Кешірім сұрауға келгенде хиджаб киіп алыпты?!»: Меруерт Түсіпбаева құрбысын ұрған хиджабтағы қыздарға шүйлікті
«Оның шашынан сүйредім»: Ақтөбе облысында сыныптасын ұрып-соққан оқушы қыздар кешірім сұрады
Алдағы аптада аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысы қаралады. Тергеу аяқталған соң қызметін толық атқара алмаса, директорларға қатысты шешім қабылданады», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
Қазіргі кезде Темір аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
Еске сала кетейік, оқушы қыздар төбелесіп, қылмыстық іс қозғалды. Олар алдымен бір-бірімен әлеуметтік желідегі ортақ чат арқылы сөзге келіп, кейін кездесіп, төбелескен.