$ 439.43  473.31  4.82

«Әйелді алып кет»: Арыстағы тағы бір жарылыстың видеосы жарияланды (ВИДЕО)

«Тәте, жүріңіз. Отырғызып жіберемін сізді... Тоқта әйелді алып кет», – деп ер адам автокөліктегілерге айқалап жатыр.

Арыста әскери киімдегі ер адамдар жүрген видео Instagram-әлеуметтік желісіндегі түрлі парақшаларда жарияланып жатыр. 

Видеода ер адамдар жүгіріп жүр. Тағы бір жарылыстың даусы естіледі.

Кадр сыртындағы ер адамның әйелді автокөлікке мінгізгісі келгені анық естіледі. 

«Тәте, жүріңіз. Отырғызып жіберемін сізді... Тоқта әйелді алып кет»,  – деп ер адам автокөліктегілерге айқалап жатыр. 

Бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. 

Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. 

Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.

Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жарылыс