Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин алматылықтардан көмек сұрады. Бек Эйр ұшағының апатынан зардап шеккендерге қан керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Зардап шеккендерге көмек туралы ақпарат Аружан Саинның Facebook парақшасында жарияланды.
«Құрметті алматылықтар! Апатқа байланысты барлық қан тобына донорлар шұғыл түрде қажет! » деп жазды Аружан Саин.
Ол парақшасында қан тапсыруға болатын мекен-жайларды көрсетті:
- Бұқар жырау 47, тел: 274-31-99;
- Алматы облысының қан құю орталығы: Қаскелең. ст. Абылай хан, 42, телефондар: +7 (72771) 2 28 04.
Айтпақшы, гепатит, бруцеллез, сифилис және жүрек аурулары, бронх демікпесімен ауырған немесе ауырып жүрген адам донор бола алмайды.
Сонымен қатар, есірткі қабылдайтын адамдарға, АИТВ жұқтырған адамдарға және араққа салынған адамдарға қайырымдылық жасауға тыйым салынады.
Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті. Bek Air ұшағы апатында Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы да болған еді. Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.