$ 494.87  520.65  4.91

Bek Аir компаниясы жұмысын уақытша тоқтатты: сатып алынған билеттердің ақшасы қайтарылады

Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2019 жылы мамырда берілген.
Фото: Денис Кривошее
Фото: Денис Кривошее

Bek Air ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін компания өз жұмысын уақытша тоқтатты. Сатылған билеттер 31 желтоқсанға дейін қайтарылып болуы қажет, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2019 жылы мамырда берілген. Борттың шығарылған мерзімі – 1996 жылдың сәуір айы. Қазақстандық тізілімге 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940). Bek Аir әуекомпаниясында 9 ұшақ тіркелген. Оқиғаның анық-қанығы, жағдайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта пайдаланушы сертификатын және Bek Аir әуекомпаниясының ұшу жарамдылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тоқтатты» делінген хабарламада.

Төтенше жағдайға байланысты, апаттың мән-жайы анық болмайынша, әуекомпаниясының қызметі тоқтатылды.

«Bek Air әуе компаниясындағы жағдайға байланысты барлық жолаушы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспарланған рейстердің әуебилеттерін толықтай қайтарып алуы керек» делінген хабарламада.

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. 
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз. 

Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр. 

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған. 

"Bek Air" әуекомпаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады. 

Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні деп белгіленді.

Осы апатты оқиғаға байланысты дәрігерлер зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.

ІІМ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес, «Ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары