$ 514.65  544.6  5.17

Президент 28 желтоқсанды «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп белгіледі

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады.

Тоқаев Алматыда 15 адамның өмірін қиған ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсанды "Аза тұту күні" деп жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Бек Эйр ұшағы апатынан 15 адамның қайтыс болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын "Жалпыұлттық аза тұту күні" деп жариялады», - деп мәлімдеді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. 
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз. 

Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр. 

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған. 

Бекэйр компаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары