27.12.2019, 17:00

Ұшқыштың диспетчермен байланысқан соңғы дыбыстық жазбасы жарияланды (ВИДЕО)

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Аудиожазбада ұшақ штаттық режимде ұшуға дайындалып жатыр.

Ресейлік REN TV телеарнасы Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air диспетчері мен Fokker-100 жолаушылар лайнері арасындағы дыбыстық жазбасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 12 адам құрбан болып, ондаған адам жарақат алды.

Аудиожазбада ұшақ штаттық режимде ұшуға дайындалып жатыр. Диспетчерлер Fokker-100-ге ұшуына рұқсат берді, кейіннен ұшақпен байланыс үзілген.

Ұшып-қону жолағы «Эйр Астана» әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан қаласына ұшатын ұшағы апат болған ұшақтан соң орналасуы керек еді. Диспетчер ұшақ қызметкерлерінен күте тұруын сұраған. 

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді.  Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз. 

Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр. 

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті. Оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған. 

"Bek Air" әуекомпаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады. 

Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні деп белгіленді.

Осы апатты оқиғаға байланысты дәрігерлер зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.

ІІМ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес, «Ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.