14.03.2020, 16:45

Еуропаға барып, коронавирус жұқтырған судьяның «ауруға қарсы иммунитетi жоқ»

Фото: facebook.com/bagdat.kojakhmetov
"Бұл ұшақпен Қазақстаннан Еуропаға барып қайтып келу бағасы: 22-23 млн теңге".

Қазақстандық сот төрағасының короновирус жұқтырғаны туралы ақпарат БАҚ-та желдей есуде. Бұл ақпаратқа қатысты, тіпті, ҚР СІМ  және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та пікір білдірген. Осы орайда, «31 арнаның» бас директоры болған медиа-магнат Бағдат Қожахметов: "Жеке ұшақпен Еуропаға барып, коронавирусты жұқтырып, елге алып келiп, басқаларға жұқтырған судьяның" құны 22-23 млн тұратын ұшаққа мінгенін анықтапты. Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Әлгі судья ұшқан ұшақтың коммерциялық тасымалдарды жасауға құқығы жоқтығын алға тартқан жазба авторы, әуе көлігінде онымен бірге жақын туыстары, тіпті, құдасы мен қызы болды деп отыр.

"Жеке ұшақпен Еуропаға барып, коронавирусты жұқтырып, елге алып келiп, басқаларға жұқтырған судьяның ауруға иммунитетi жоқ болып шықты. Ал құқық қорғау органдарының тексеруiнен (тексеруге) иммунитетi бар ма екен? 

Шенеуiк мiнген ұшақ K-Generation басқарушы компаниясына тиесiлi, ӘК тіркеу нөмірі-M-TAKE Bombardier CL-600-2B19 Challenger 850. Мэн аралында тіркелген, иесі Аблазимов Бахретдин болып шықты - Ордабасы корпорациясының құрылтайшысы.

Бұл ұшақтың коммерциялық тасымалдарды жасауға құқығы жоқ. Яғни, қызметтi қолма-қол ақшаға кɵрсеттi немесе қожайыны шенеуiкке ұшақпен ұшуды сыйлық ретiнде бердi. Неге? Не үшiн? Қандай жағдайда?

Денис Кривошеевтiң айтуына қарағанда, ұшақта жоғары лауазымды шенеуніктің жақын туыстары, атап айтқанда, құдасы мен қызы болған. Карантинге келгендердің ешқайсысы ауруханаға апарылмаған, барлығы үй қамауында", - деп жазды Бағдат Қожахметов. 

Тағы да оқи отырыңыз: Сот төрағасының коронавирус жұқтырғаны рас па?

 «Коронавирус нет, нет, нет!»: Марат Омаров «су жаңа әнді» орындап, қоғамдық ахуалға үн қосты (ВИДЕО)

«Таңертең 100 пайыз табуға тырысамыз»: коронавирусқа байланысты 24 жолаушы іздестірілуде

Осы орайда, "судья бағасы қымбат ұшаққа міну үшін қолма-қол ақша төледі ме екен?" деген сұрақпен ойын сан-саққа жүгірткен жазба авторы әлгі ұшақтың "Қазақстаннан Еуропаға ұшып барып, қайтып келу бағасы: 22-23 млн теңге" деп "сандарды сөйлетті".