БАҚ-та полиция қызметкерінің Bek Air ұшағы апатынан аман қалған сәбиді құшақтап алған видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
@ztb_video Instagram парақшасында таралған видеода құтқару жұмыстарының қызу жүріп жатқанын аңғаруға болады. Аталған видеода тәртіп сақшысы қолындағы нәрестені құшақтап, қауіпсіз жерге жүгіріп бара жатыр.
Желі қолданушылары жантүршігерлік видеоның астына баланың тез сауығып кетуін тілеп, пікір қалдыруда.
«Сәбиге ұзақ және бақытты өмір тілеймін! Мұндай трагедиядан аман-есен қалған баланың болашағынан үміт күтемін!», «Сәбидің ата-анасы тірі болса екен», «Көз жасымды әрең ұстап тұрмын», «Шынашақтай балапан» деп жазды желі қолданушылары.
Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз.
Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр.
Соңғы ақпаратқа сүйенсек, апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған.
"Bek Air" әуекомпаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.
Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні деп белгіленді.
Осы апатты оқиғаға байланысты дәрігерлер зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.
ІІМ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес, «Ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.