$ 444.22  476.38  4.82

Іздеудегі қазақстандық 65 жемқордың 33-і шетелде жүр

«Енді шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстап беру және заңсыз активтерді қайтару мүмкіндігі артады».
фото: kostanaytany.kz
фото: kostanaytany.kz

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кірді. Бұл қылмыскерлерді шетелден тезірек шығаруға көмектеседі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады «Айқын» газеті.

Бектеновтің айтуынша, Қазақстан – ГРЕКО-ға ресми түрде қосылған 50-ші мемлекет. Бұл үшін елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының еуропалық стандарттарға сәйкестігін үнемі бақылау қажет.

«Енді шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстап беру және заңсыз активтерді қайтару мүмкіндігі артады. Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 65 қылмыскерді іздеуде. Олардың 33-і – шетелде. Бұл жұмыс белсенді жүргізілуде», – деді Бектенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шетел #жемқор