$ 448.15  483.46  4.86

«Болашақ» ұйымы мемлекеттен «гомосексуализмді насихаттауға қарсы» заң қабылдауды талап етті

Болашақ қозғалысы «гомосоксуализмді насихаттауға қарсы заң» қабылдауды талап етуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Барша жұртқа мәлім, осыдан бірер уақыт бұрын алматылық жарнама агенттігі қос ұлттың ұлы тұлғалары Құрманғазы мен Пушиннің сүйісіп тұрған суретінен постер жасаған. Постерге тапсырыс берген Қазақстандағы көгалалардың мүддесін қорғайтын «қызтекелер қауымдастығы» болып отыр. Бұл постердің өзі Алматыдағы Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы «Студия 69» мекемесін жарнамалайды, ал мекеменің өзі әлеуметтік желідегі жүздеген хабарламалардың айқындауынша жасырын гей-клуб екен.  Және бұл жағдай соңғы уақыттағы алғашқы қоңырау емес, дәл осындай ондаған мысалдарды келтіруге болады», делінген хабарламада.

Қозғалыс мүшелері таратқан хабарламада көрші Еуропада «гомосексуалистердің» шамадан тыс насихаты мемлекеттік деңгейдегі терең моральдық құлдырауға алып келгендігін айтады. «Оларда біржынысты отбасы құрып, оны шіркеуде рәсімдеп, артынан жетім балаларды асырап алуына заңмен жағдай жасап қойғандығын» мысал ете отырып, «қызтеке» еместер гомосексуалистерге қарсы шықса, тікелей экстремист деп танылатындығын атап өткен.

«Болашақтықтар» әрбір адамның жеке өмірі және жеке таңдауы барын құптайды. Десе де бүгінгі қазақ қоғамына мүлдем жат қылықтың еркін еніп, ел арасында ашық насихатталуына үзілді-кесілді қарсы.

Осыған байланысты қозғалыс мүшелері мемлекеттен «гомосексуализмді насихаттауға қарсы» заң қабылдауды талап етіп отыр. Ал, заң қабылданбаған жағдайда, яғни, оны насихаттуға қарсы болмау – жат қылықты мойындағанмен бірдей, деп санайды ұйым мүшелері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары