$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы ұшақ апаты: қазақстандық жұлдыздар қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

«Құдай сабыр берсін! Мықты болыңыздар» деп жазды танымал әнші Димаш Құдайберген.

Жұма күні Алматыда қайғылы оқиға орын алды. Қазақстандық жұлдыздар Instagram парақшасында қаза тапқандардың туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құдай сабыр берсін! Мықты болыңыздар» деп жазды танымал әнші Димаш Құдайберген.

«Апатта қаза болғандардың отбасына көңіл айтамыз. Құдай барлығымызға сабыр берсін!» деп жазды әнші Жанболат Ербатыров.

«Жаңа жыл алдында қайғылы жаңалық. Иманды болсын!» - деді әнші Бақыт Шадаева.

«Мен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып шығуын тілеймін», - деп әнші Калия да қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетті.

«Жаратқан ием, жар бола гөр!» деп жазды Толқын Забирова.

"Алматы маңындағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Мен сіздермен біргемін! Барлық зардап шеккендерге тез сауығып шығуын тілеймін" деп жазды Twitter-парақшасында Геннадий Головкин.

«Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамын. Жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Қай уақытта сағатымыз тоқтайтынын шын мәнінде білмейміз ғой. Әр сәтті бағалаңыз! Мен сіздерді өте жақсы көремін» деп жазды Данелия Төлешова оқырмандарына.

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. 
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз. 

Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр. 

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған. 

"Bek Air" әуекомпаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады. 

Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні деп белгіленді.

Осы апатты оқиғаға байланысты дәрігерлер зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.

ІІМ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес, «Ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары