$ 514.65  544.6  5.17

Алматыдағы ұшақ апаты: Роман Скляр тексеру нәтижесін жариялады

Барлығы апатқа себеп болуы мүмкін төрт нұсқа қарастырылған.

27 желтоқсанда Bekair ұшағының апатқа ұшырауы себептеріне қатысты брифинг өткізген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр негізгі версияны атады.

«Комиссия 25 желтоқсан сағат 00:00-ден – 27 желтоқсан таңғы 8:00 аралығындағы ауа райына қарап, тұрақта екі тәулік бойы тұрған ұшақтың үстіңгі жағын мұз басып қалғанын жоққа шығармайды. Басқа нұсқалар бойынша комиссия халырақаралық авиация комитетімен, Нидерландының әуе қатынастары бойынша құзырлы органымен жұмысты жалғастырып жатыр. Осылайша, метеорологиялық жағдайды, қара жәшіктің ақпаратын тексере келе апаттың негізгі себебі ұшақтың үстіңгі қабатында мұз қалуы екені алға тартылып отыр», - деді Р. Скляр.

Барлығы апатқа себеп болуы мүмкін төрт нұсқа қарастырылған.

«Біріншісі- ұшаққа артық салмақтың қосылуы. Екінші- сыртқы факторлар, оның ішінде желдің күшеюі, алдында кеткен ұшақтың түтіні (спутный след – авт.) және мұз қату. Үшінші - экипаждың қателігі. Төртінші- авиациялық техниканың істен шығуы.

Тексеру нәтижесі әуе кемесінде артық салмақтың болмағанын көрсетті. Екінші нұсқа бойынша айтар болсақ, ұшақ көтерілер уақытта ұшу алаңында жел тұрақты болды. Желдің күші  - 130-140 градус бағытында 1-2 метр секунд. Ал ұшақтардың жөнелтілу уақыт аралығы 110 секундты құрады. Сондықтан оның алдында көтерілген ұшақтың түтіні апатқа әсер ете қойған жоқ», - деді Премьер-министр орынбасары.

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. 
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз. 

Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр. 

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті. Оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған. 

"Bek Air" әуекомпаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады. 

Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні деп белгіленді.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары