24.06.2019, 20:48

Тоқаев Арыс қаласына аттанды

Фото: tengrinews.kz
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында жазды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына жол тартты. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында жазды. 

«Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыспен танысу үшін және тұрғындардың қауіпсіздігі мен оларға қажетті көмек көрсету бойынша нақты шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету үшін Арыс қаласына ұшып шықтым», - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. 

Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. 

Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.

Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда. 

Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.

Әскеридің ата-анасымен жылап қоштасқан видеосы тарады. 

Сондай-ақ, Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз