25.06.2019, 09:19

Арыстағы жарылыс: 2 адам қаза тапты

Фото: Atameken Business Channel
«Мемлекет басшысы оқиға болған жерде болды. Тапсырма берді. Өкінішке қарай 1 жергілікті тұрғын мен 1 әскери қайтыс болды. Қайғырып көңіл айтамын»,  – деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр Асқар Мамин Арыстағы жарылыстан 2 адам қаза тапқанын айтты. 

«Мемлекет басшысы оқиға болған жерде болды. Тапсырма берді. Өкінішке қарай 1 жергілікті тұрғын мен 1 әскери қайтыс болды. Қайғырып көңіл айтамын»,  – деді Мамин үкімет отырысында. 

Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. 

Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. 

Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.

Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда. 

Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.

Әскеридің ата-анасымен жылап қоштасқан видеосы тарады. 

Сондай-ақ, Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешқұрым Арыс қаласына шыққанын мәлімдеп, тұрғындармен кездесті.